Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Би-2018»
29-06-2018 10:44
«Би-2018»

2018 жылы 29 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Қаланың ойын-сауық орталығында Павлодар облысының 80-жылдығына, Астананың 20-жылдығына арналған « Би-2018» қалалық жазғы жобасының I туры өтті. Жоба мақсаты жазғы демалыс кезінде Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын қамту,бастауыш мектеп оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай құру,шығармашылық белсенділігін дамыту,талантты балаларды айқындау. II турға № 1, 5,7, 9, 11, 16, 17, 19, 22, 27, 34, 37, КЖОМ 7-10 жас аралығындағы қыздар қатысты.
13 мектептің командалары жаз,бейбітшілік,достық туралы өлең орындады,өздерінің би және әртістік қабілеттерін көрсетті. №22 ЖОМ «Жұлдызай» би ұжымы өте ашық, қызықты орындады. «Радуга» биін орындағаны үшін қыздарға жүлделі I орын үшін грамота тапсырды. № 37
ЖОМ «Балауса» командасы II жүлделі орын алды.
№ 34 ЖОМ «Капитошка» командасы III жүлделі орын алды.
«Приз зрительских симпатий» номинациясының грамотасын №1 ЖОМ тапсырды.«Фантазия» номинациясының грамотасын № 27 ЖОМ «Ромашка» командасы алды. «Грация» номинациясының грамотасын № 7 ЖОМ тапсырды.«Ритмы планеты» номинациясы №9 ЖОМ тапсырылды. «Принцессы танцпола» номинациясының грамотасы №17 ЖОМ тапсырылды. «Ерке ханшайым» жобасы II би турының белсенді қатысушыларына № 1, 5, 11, 16, КЖОМ грамоталар тапсырылды. Жас орындаушылар барлық ойын-сауық орталығының көрермендеріне жақсы көңіл сыйлады.