Балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру,құндылық бағдарын қалыптастыру, шығармашылық іс -әрекетіндегі әлеуетін, даралық құндылықтарын, азаматтық ұстанымын,өзін-өзі көрсетуге, кемелдендіруге ұмтылысын дамыту мақсатында 2018 жылы 4 қазанда «Өзін –өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиадаға барлығы 17 команда құрамында калалық, мамандандырылған және облыс мектептерінен 51 оқушы қатысты. Павлодар қаласының Кенжекөл ЖОМ және № 16 мектеп-лицей, № 24, № 25 жалпы білім беру мектептерінің 7,8,9 сынып оқушыларының командалары қатысты.
№ 16 мектеп-лицей оқушылары Павленко Ольга, Фрик Дарья, Ключкова София және №24 мектептің Қасымканова Еркежан, Ныгметова Айзада, Шамшитова Айша өздерінің сезім мен ойларын еркін жеткізіп, өздік шығармашылығы мен белсенді өмірлік ұстанымын көрсетіп ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды.
№ 16 мектеп-лицейінің өзін –өзі тану мұғалімі Левашова Татьяна Викторовна және №24 мектептің Оспанова Динара Каскырбайқызы өз оқушыларының адамгершілік –рухани құндылығы мен шығармашылық бастамасын дамыта алды.
Мұғалімдер мен олардың оқушыларын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз,әрі қарай шығармашылық табыс тілейміз!