Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары
08-10-2018 11:04
Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылғы 8-шы қазанында ХІІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурсқа қалалың оқу орындарынан 25 оқушы қатысты.

Жыр томағасын ағытқан жас талапкерлер алты бөлім бойынша бақтарын сынады. «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» бөлімінде балалар минуттың ішінде ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.
 Қалалық Мұқағали Мақатаев оқуларында алға озып шыққан 6 оқушы жеңімпаз атанды. Сонымен бірге 5 қатысушы атаулы номинациялармен марапатталды. Бас жүлдеге № 35 мектебінің 9 сынып оқушысы Кошматова Балнұр ие болды. Ол ақынның шығармашылығын оқуда шеберлігімен есте қалды. Мақатаевтың өлеңдерін жақсы білетін, ақынның шығармашылығының тақырыбы мен идеясын ашып көрсету қабілетіне ие. І орынды № 37 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қасымхан Алуа иеленді. Алуа бала кезінен бастап қазақ әдебиетін жақсы көреді. 2015-2016 оқу жылында Мақатаев оқуларына қатысып, ІІ орынды иеленді. Конкурсқа Алуа Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа оқып келді. ІІ орынды № 40, 7 мектебінің оқушылары Қызыр Айжан мен Бикеева Рузия өзара бөлісті. ІІІ орынға № 2 мектебінің оқушысы Жұмажан Данияр мен № 39 мектебінің оқушысы Смоляникова Надежда ие болды. Атаулы номинация иегерлері «Жас ақын» № 18 мектебінің оқушысы Қалел Ілияс, «Ең кішкентай оқырман» Назаров Максим № 14 мектебінің оқушысы, «Сахналық шеберлігі» Солтан Сайданур № 30 мектеп оқушысы, «Үздік білімпаз» № 12 мектебінің оқушысы Әубәкір Асылжан, «Жүзден жүйрік» Кунашева Дильнур № 33 мектебінің оқушысы.
Атаулы женімпаздардың қай-қайсысы болсын үлкен дайындықпен, зор талаппен келгендігі белгілі. Әдебиет әлеміне деген әр оқушының талпынысы жас ұрпақтың жан-дүниесінің рухани дамуына көп әсерін тигізбек. Олай болса, жыр додасына ұл-қыздарын қоса білген ұстаздардың да мерейі үстем болсын дейміз!