Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық көптілдік олимпиадасының қорытындысы
26-10-2018 09:37
Облыстық көптілдік олимпиадасының қорытындысы

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018 жылғы 26  қазанда 10-11 сынып оқушыларының арасында өткізілген облыстық көптілдік олимпиадасына 73 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты- көп тілде сөйлейтін оқушыларды анықтау, үш немесе одан да көп тіл үйрену бастамасын қолдау, үш тілді/көптілді білім беруді танымал ету.
Облыстық олимпиада 2 кезеңнен өткізілді:
1 кезең – жазбаша. Берілген тақырыпқа үш тілде эссе жазу.
2 кезең-ауызша. «Берілген тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу».
Олимпиадаға Павлодар қаласының намысын №16, 20, 39, 42 мектептерінің 4 оқушысы қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша II орынға № 16 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Мельник София иеленді. III орын иегері №20 лицейдің 11 сынып оқушысы Жұмабек Әнел атанды.