Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының білгірлері
22-10-2018 10:53
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының білгірлері

2018 жылдың 22 қазанында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Мағжан оқулары» байқауын өткізді. Мақсаты - дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау, ақынның оқушылар арасында шығармашылығын насихаттау. Қаланың 27 жалпы білім беретін мектебінің 5-11 сыныптарының 56 оқушысы қатысты.

     «Мағжан оқулары» 3 бағыт бойынша өткізіледі. «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - жас оқырмандар байқауы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы. Өз шығармаларын орындау. «Толқынмен толқын сырласып»-шығармашылық жұмыс.
Байқау нәтижесу бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында - І орын № 25 мектептің 9 сынып оқушысы Сәрсембаева Жасмин алды. Мағжан Жұмабаевтың 20 шығармасын біледі және көркем оқу дағдыларын көрсете алады. ІІ орын – № 1 орта мектептің 7 сынып оқушысы Батырхан Нұрайым, № 40 орта мектептің 6 сынып оқушысы Жакенова Мөлдір, № 22 орта мектептің 5 сынып оқушысы Амангелді Асемгүл. ІІІ орын – Кенжекөл орта мектептің 5 сынып оқушысы Қамза Әбиба, № 37 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ахметова Шолпан, № 21 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қапанов Алимхан, № 30 орта мектептің 7 сынып оқушысы Алигожина Амина.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында – І орын № 19 мектептің 11 сынып оқушысы Откенова Дана. Ол ақынға арнау жазды, және еркін тақырыпқа өз туындысын жақсы жазды. ІІ орын – № 20 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Байжанқызы Дамира, № 25 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нурахметова Анара, № 22 орта мектептің 10 сынып оқушысы Рахатбек Ерзат. ІІІ орын – № 7 орта мектептің 6 сынып оқушысы Сагатова Дильназ, № 12 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сайабек Бауыржан, № 37 орта мектептің 6 сынып оқушысы Садартинова Айдана, № 40 орта мектептің 7 сынып оқушысы Мукашева Гульзат.
«Толқынмен толқын сырласып» бағытында - І орын № 22 орта мектептің 9 сынып оқушысы Аленова Дильназ. Ол «Жел» туындысы бойынша өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында идеяны, мазмұнын, құрылым ашты, кіші, орта және кәрілік жас санатын салыстырды. ІІ орын – № 17 орта мектептің 6 сынып оқушысы Авильхан Нұртірек, № 20 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қаратай Нурбол, № 25 орта мектептің 7 сынып оқушысы Наурызбай Іңкәр. ІІІ орын –№ 2 орта мектептің 7 сынып оқушысы Магомед Жібекжан, № 7 орта мектептің 8 сынып оқушылары Турарбекова Назерке және Магауия Аружан (топтық), № 33 орта мектпетің 9 сынып оқушысы Ханларова Каратель, № 37 орта мектептің 10 сынып оқушысы Зейнулла Тұрар.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталынды. І дәрежелі диплом иегерлері қазан айында өтетін облыстық кезеңде қатысады.