Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЛА ОҚУШЫЛАРЫ БАЙҚАУҒА 192 ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ ҰСЫНДЫ
01-11-2018 14:28
ҚАЛА ОҚУШЫЛАРЫ БАЙҚАУҒА 192 ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ ҰСЫНДЫ

Қала оқушылары байқауға 202 ғылыми жобаны ұсынды
  Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінің 8 - 11 сынып оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық іріктеу кезеңіне 16 секция бойынша (физика, жер және ғарыш туралы ғылым, техника, Математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, өлкетану, адам және қоғам, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі) 192 жоба ұсынылды. Мақсаты - дарынды және талантты зерттеушілерді қолдау, интеллектуалдық конкурстарға, олимпиадаларға қатысуға жәрдемдесу.

   Ең көп жобалар қоршаған ортаны қорғау (28 жоба), биология (31), өлкетану (21), тарих (22) секцияларында болды.

   Байқау қорытындысы бойынша 115 ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынған 133 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен 29 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 56 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 48 оқушы марапатталды.
«Жұмсақ ірімшік өндіру кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының сүтін ферментациялау процесін зерттеу» ғылыми жұмысында № 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Байдюсен Тоғжан ешкі сүтінің қасиеттерін зерттеді, осы өнімнің адам денсаулығына пайдасы туралы дәлелдерді ұсынды. үйде сүт өнімдерін өндіру технологиясы сапасы, дәмі өндірісте дайындалған өнімдерден ерекшеленетінін көрсетті. Алдағы уақытта тақырып бойынша жұмысты жалғастыруды және болашақта өз ісін ашуды жоспарлап отыр.№ 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Дубровина Наталья «Қазақ және британдық эпостың кейіпкерлерінің ерекшелігі - ұлт менталитетінің ерекшеліктерінің көрінісі» жобасында түрлі құрлықтарда тұратын адамдардың ұқсастығының мысалдарын, дәлелдерін зерттеді және ұсынды. № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Елемесова Гүлназ «Ас үйдегі алюминий: қауіпті жау немесе сенімді көмекші» тақырыбында баяндама жасады. Өз жобасында зерттелген мысалдар адам ағзасына металдың зиянын және оны өнеркәсіпте пайдаланудың пайдасы туралы көрсетті.

   Конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері республикалық конкурстың облыстық кезеңіне қатысады. Қалалық байқау 2018 жылғы 1 қарашада № 37 ЖОМ өтті.