Пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мұғалімдері және директорларымен Павлодар қаласы әкімімен кездесу
2019 жылы 29 қаңтарда Павлодар қаласы әкімі Әнуар Кайыргелдіұлы Күмпекеев «Достық үйі» мәдени сауық орталығында 2018-2019 оқу жылының облыстық олимпиада оқушыларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған директорлар және мұғалімдермен кездесті.
Кездесу мақсаты - соңғы үш жылда педагогикалық қызметі басқаларға үлгі бола алатын мұғалімдерді құттықтау.
Бірінші кезекте оқыту жолдарында өзгеріс және қызметтесуін ашуға,оқушылардың дамуын қолдауға үлесін қосқан мұғалімдер марапатталды.
Мерекеге қаланың №9ЖОМГ, №16 МЛ, № 1, 17, 18, 20, 22, 23, 25, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 42 мектептерінен 15 директор және 40 мұғалім қатысты.
Кездесу дөңгелек үстел басында өтті. Кездесу барысында дарынды балалармен жұмысқа байланысты мәселелер көтерілді.Мұғалімдер Қазақстанның қазіргі білім беру жағдайы туралы пікірлерімен алмасты және қала әкіміне оқушылардың бос уақытын қамту мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды.
Зияткерлік жарыс жетістіктері үшін жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге Павлодар қаласы әкімінің сертификаты және Алғыс хат тапсырылды.