Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына заманауи көзқарас
20-02-2019 23:00
Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына заманауи көзқарас

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»бос уақытт ықамту және балалардың дарындылығын дамыту оралығы 21 ақпан күніи 2019 жылы № 17 ЖББОМ мектебінде қалалық «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқулары» өткізді. Мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын насихаттау, поэзияға, ұлы ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қаланың 23 жалпы білім беретін мектептерінен 58 оқушы қатысты.

Қатысушылардың білімін қаланың жоғары оқу орындарының филологтары 4 бағыт бойынша бағалады. Олар байқауға қатысушылар шығармалардың терең білімін, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.Оқу қорытындысы бойынша 28 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде І орын - 4 оқушы, ІІ орын – 10 оқушы, ІІІ орын-14 оқушы.

«Алға өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытында І орынды № 38 мектептің 9 сынып оқушысы Рамазан Аманбол жеңіп алды. "Бес қымбат "өлеңінде автордың" Бес қымбат "шығармасында адам құндылықтары туралы идеясын көрсетті. ІІ орынды № 7 мектептің 11 сынып оқушысы Байдюсен Тоғжан, № 19 мектептің 11 сынып оқушысы Абдрахманова Амина (10 сынып), жетекші мектебінің 11 сынып оқушысы Айтмағамбетова Мафруза (10 сынып), ІІІ орынды № 12 мектептің 10 сынып оқушысы Есхожина Дильназ, № 20 лицей - мектебінің 9 сынып оқушысы Байжанқызы Дамира (9 сынып), № 33 мектептің 11 сынып оқушысы Кендіров Аслан (11 сынып), № 25 мектептің 8 сынып оқушысы Кәмесхан Шұғыла (8 сынып) иеленді.

«Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» бағытында І орынды № 7 мектептің 8 сынып оқушысы Мағауия Аружан иеленді. «М. Ж. Көпеев шығармаларындағы «Күн» «Ай» «Жұлдыз» «Миф» сөздерінің сипаты» атты ғылыми жұмысында                   М. Ж. Көпеевтің шығармаларындағы тілдік стилін ұсынды. ІІ орынды № 19 мектептің 10 сынып оқушысы Бауыржанқызы Жанеля, Жетекші мектебінің 10 сынып оқушысы Серікқызы Аида (10 сынып), № 29 мектептің 8 сынып оқушысы Әлімбетова Гүлназ (8 сынып), ІІІ орынды № 1 мектептің 7 сынып оқушысы Байкин Диас, № 17 мектептің 7 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек (7 сынып), № 37 мектептің 9 сынып оқушысы Қуанышпекова Дильназ (9 сынып), № 38 мектептің 8 сынып оқушысы Абдуллин Шон (8 сынып) иеленді.

«Білімді зерек адам болам!»- десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»                         І орынды № 12 мектептің 9 сынып оқушысы Камиева Сабина иеленді. «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз» атты эссесінде ол бейбітшілікті философиялық тұрғыдан түсінудің және гуманистік бағдарлаудың жарқын мысалы болып табылатын түйсігі мен ырғағын аша білді. Сабина 2018 жылғы оқуларда жүлдегер (ІІ орын). ІІ орынды № 17 мектептің 7 сынып оқушысы Хасанова Айгерім, № 25 мектептің 11 сынып оқушысы Нұрлан Адина, № 33 мектептің 10 сынып оқушысы Балпекова Даяна, ІІІ орынды № 7 мектептің 11 сынып оқушысы Төлегенова Дильназ, № 19 мектептің 8 сынып оқушысы Қасымбекова Мадина, № 21 мектептің 11 сынып оқушысы Мұстақым Бекболат, № 38 мектептің 8 сынып оқушысы Алдаяр Аиша иеленді.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бағытында І орынды № 37 мектептің 8 сынып оқушысы Сурумбетова Камиля иеленді. Ол «Абылай хан» тақырыбында Көпеевтің шығармаларында Абылай хан туралы айтып берді. ІІ орынды № 19 мектептің 8 сынып оқушысы Заитова Малика, ІІІ орынды № 25 мектептің 8 сынып оқушысы Қайролла Жасмин, № 38 мектептің 6 сынып оқушысы Сурумбетов Рамазан иеленді.

І орын алған оқушылар наурыз айында облыстық оқуларға қатысады.