Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Абайдың 60 туындысын қала мектебінің алтыншы сынып оқушысы жатқа біледі
05-03-2019 10:24
Абайдың 60 туындысын қала мектебінің алтыншы сынып оқушысы  жатқа біледі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2019 жылы 5 наурызда «Абай оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты-Абай мен Шәкәрім шығармаларын қала оқушылары арасында насихаттау, поэзияға, ұлы ақындардың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қаланың 36 жалпы білім беретін мектептерінің ішінен байқауға 110 оқушы қатысты, оның ішінде 47 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Қатысушылар Ұлы Абайдың шығармашылығын оқып, білетіндерін, оның шығармаларын оқып, пікірлердің айтқанын көрсетті.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысында 16 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды № 38 НОМ 6 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз иеленді. Ол Абайдың 60 туындысын жатқа айтты. Өзінің жас жасына қарамастан ол жоғары сынып оқушыларына бәсекелестік жасай алды.  ІІ орынды Кенжекөл мектебінің 6 сынып оқушысы Амандықұлы Ернұр, № 2 ЖОМ 5 сынып оқушысы Дюсембай Аида, № 7 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ещанова Аружан, № 12 ЖОМ 7 сынып оқушысы Амангелді Шарапат, № 37 ЖОМ 5 сынып оқушысы Нағайбек Жұлдыз иеленді. ІІІ орынды № 16 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Хисамутдинов Руслан, № 18 ЖОМ 5 сынып оқушысы Агелиева Найля, № 19 ЖОМ 7 сынып оқушысы Тоқтар Тілеужан, № 21 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сартай Гүлім, № 24 ЖОМ 6 сынып оқушысы Қасымхан Аружан, № 30 ЖОМ 5 сынып оқушысы Солтан Исматуллах, № 35 ЖОМ 7 сынып оқушысы Қалкен Ерсұлтан, № 33 ЖОМ 5 сынып оқушысы Юдина Алина, № 40 ЖОМ 5 сынып оқушысы Бақытболқызы Ақбота, № № 33 ЖОМ Жұмабай Олжас.

«Көңілім әнді ұғады» бағытында ән мен күй орындаушылар байқауында 15 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 12 ЖОМ 5 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар иеленді, Шәкәрім Құдайбердиевтің «Бұл ән бұрыны әннен өзгерек» әнін орындады. ІІ орынды № 2 ЖОМ 7 сынып оқушысы Шәмет Алтынай, № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сердалина Назгүл, № 38 НОМ 5 сынып оқушысы Солтанмурат Аяулым, № 35 ЖОМ 8 сынып оқушысы Асхат Мөлдір, № 40 ЖОМ 5 сынып оқушысы Қабыкен Дайыр, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Пахольченко Мария, № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Ақылбекова Анель, № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Теміргалин Мақсат, № 1 ЖОМ 5 сынып оқушысы Қаджымухамед Адина, № 7 ЖОМ сынып Жұмабаева Айнұр, 9 сынып оқушысы Сағындык Малика, 7 сынып оқушысы Смағұлов Дамир , 7 сынып оқушысы Смағұл Нағия.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында 8 қатысушы жеңімпаз атанды.         І орынды № 24 ЖОМ 10 сынып оқушысы Көлтай Мақсат иеленді. Ол бірнеше рет жүлдегер және қалалық және облыстық оқулардың жеңімпазы болып табылады. ІІ орынды № 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Байдюсен Тоғжан, № 12 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сайабеков Бауыржан, № 31 ЖОМ 6 сынып оқушысы Сембай Нұршат, № 17 ЖОМ 5 сынып оқушысы Марат Аяла, №19 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бауыржанқызы Жанеля, № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кошматова Балнұр, № 38 НОМ 7 сынып оқушысы Абдулин Шон иеленді

«Ұлылар әлемі» бағытында эссе сайысында 8 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 22 ЖОМ 9 сынып оқушысы Досмукамбет Асем                                «Ш. Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайдың үлгі етуінің себебін талдап жазу» тақырыбындағы эссе үшін иеленді. ІІ орынды № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Аманжолова Алина, № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Нұрғалиева Данара, № 6 ЖОМ 11 сынып оқушысы Хибадат айқын,            ІІІ орынды № 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Саясат Сая, № 17 ЖОМ 7 сынып оқушысы Хасанова Айгерім, № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы темір Асанали, № 38НОМ 8 сынып оқушысы Алдаяр Аиша иеленді.

Қалалық турдың жеңімпаздары 2019 жылы наурызды облыстық кезеңге қатысады.