Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Равнение на флаг!» байқауының бас жүлдесі
22-05-2019 10:47
«Равнение на флаг!» байқауының бас жүлдесі

2019 жылы  22 мамырда  Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен     «Равнение на флаг!» қалалық байқау  өткізілді. 

Байқау мақсаты жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі, Қазақстан халқының,ұлттық дәстүрін білу, әскери адалдық сезімін, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметті және ұқыпты қарым-қатынасын  қалыптастыру.

Байқауға қаланың 16 жалпы білім беру мектептерінен  8 11 сыныптың 48 оқушыдан құралған 16 команда қатысты.

Байқау шарты  бойынша  қатысушылар алғашқы әскери дайындық және мемлекеттік рәміздер бойынша  сұрақтарға жауап береді, практикада  саптағы мемлекеттік жалаудың орнын, оны шығару және кіргізуін көрсетеді. 

Байқау қорытындысы бойынша  әділ қазы құрамындағы Павлодар  қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері, облыстың  білім беру басқармасы дене шынықтыру Орталығы оқу-практикалық аймағының  қызметкерлері    № 39, 36, 13, 37, 43, 26 мектеп командаларының  саптық дайындыққа және  мемлекеттік  рәміздер бойынша  білімінің  жоғарғы   нәтижесін  анықтады.

Байқаудың бас жүлдесіне № 39 ЖОМ командасы ие болды, команда құрамында 10 сынып оқушылары Дударь Кирилл, Тунгат Азамат, Хегай Данил. Команда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер Жарғысының талаптарына сәйкес,  мемлекеттік рәміздер бойынша барлық сұрақтарға жауап берді, саптық дайындықтың анық орындалуын көрсете білді.

І орын № 36 ЖОМ командасына берілді, команда құрамында 10 сынып оқушылары Исанов Тамерлан, Моченков Владимир, Немеренко Илья, ІІ орын № 13 ЖОМ командасы, команда құрамында 11 сынып оқушылары           Лебедев Иван, Канатбеков Дамир, Овчаров Артур, ІІІ орын № 37 ЖОМ командасы, команда құрамында 10 сынып оқушылары Еркінбек Жалғасбек, Серік Ерасыл, Тулумтай Бимахан.

I орын алған  және  бас жүлде иеленген  командалар маусым айында мемлекеттік рәміздер Күніне арналған  жалаулар  тобының   облыстық  байқауына қатысады.