Геометриялық олимпиада.
«Әл - Фараби» олимпиадалық дайындық орталығы Павлодар қаласы мектептерінің 7 - 12 сынып оқушыларын 6 - шы қашықтық Ирандық геометриялық олимпиадаға қатысуға шақырды.
Қашықтық олимпиада №9 ГЖББМ негізінде 2019 жылы 7 қыркүйекте (сенбі күні) 7-11 сынып оқушылары арасында біздің қалада алғаш рет өтті.
Қатысушылар қазақ және орыс тілінде өткен жылғы тапсырма шартына қолжетімді арнайы парақта www. matol. kz. сайтында (ағылшын тілінде) бірінші бес Олимпиаданың тапсырма шешімі және шарты жиналған, ресми Олимпиада сайтында орналасқан тапсырмаларды орындады.
Қорытынды 3 лига бойынша жасалды:
1 лига - 23 оқушы 7 - 8 сынып;
2 лига -17 оқушы 9 - 10 сынып;
3 лига - 6 оқушы 11 - 12 сынып;
№1, 5, 7, 11, 19, 20, 21, 25, 26, 29, 30, 34, 36, 38, 41, мектептер белсенді қатысты,ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар №11, 34, №38 НЖББМ.
Қалалық олимпиада жеңімпаздары Нұр - Сұлтан қаласында өтетін республикалық 6 - шы қашықтық Ирандық геометриялық олимпиадаға қатысады.