2019 жылы 20 қыркүйекте № 17 ЖОМ «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының қалалық Слеті өткізілді.
Мақсаты: жоғары рухани, жауапты, бастамашыл, әлеуметтік құзыретті азамат болу, жас ұрпақтың қазақстандық патриотизмін тәрбиелеу.
Слетке Павлодар қаласының 10 жалпы білім беру мектептерінің – № 20 ЛМ, № 1, 7, 14,18, 24, 36, 42 ЖОМ, Кенжекөл және Жетекші ЖОМ 5 - 11 сыныптың 100 оқушысы қатысты.
Әділ қазы құрамына «Нұр Отан» жастар қанаты , Әкелер Кеңесі өкілдері енді.
Байқау үш турдан тұрды: бейнеролик «Жемқорлықсыз өмір – Адал өмір» - мектеп жанындағы ықшамаудан тұрғындарымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубы тұрғындарымен жұмыс.
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» тақырыбына агитбригада байқауы.
1) «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентация – 2018 - 2019 оқу жылында өткізілген іс - шаралар туралы көрнекі (үлестірмелі) имидждік материал: буклет, папка, топтама пайдаланылуымен.
Байқау қорытындысы бойынша «KJKTeam Кенжекөл мектебі
Бас – жүлде; I дәрежелі дипломмен ««Просто 20-ка» командасы – № 20 лицей-мектебі; II дәрежелі дипломмен "Честные люди" командасы М.Әуезов атындағы мектеп ; III дәрежелі дипломмен «Новое поколение» командасы №18мектеп марапатталды.
Кенжекөл мектебі облыстық кезеңге қатысады.