Павлодар қаласының № 7 мектебінде 2019 жылы 4 қазанда 7- 8 сынып оқушылары арасында физика бойынша ІІІ қалалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға қаланың 28 жалпы білім мектептерінің (К. Макпалеев, М. Әуезов, Б. Момышұлы, № 1, 2, 5, 7, 9, 11,13, 16, 17, 18, 19, 21, 25, 29, 30, 33, 34, 35, 39, Жетекші ЖОМ) оқушылары қатысты.
Олимпиада 2 турдан тұрды. Олимпиадалық тапсырмалар күрделігіне қарай әр түрлі. Екінші турда оқушыларға екі тәжірибе жүргізу ұсынылды, орындау үшін құралдармен жұмыс және физика білімі қажет. Олимпиада қорытындысы бойынша, жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушылар
І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. І орынға физика пәні бойынша жақсы білім көрсеткен № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ботай Аман, ІІ орынға № 9 ЖОМГ 8 сынып оқушысы Кабдулмажит Мұса, № 13 ЖОМ Хисматулин Данил, № 17 ЖОМ Юхтовский Данил, № 34 ЖОМ Халимов Артур, ІІІ орынға –№ 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Лысак София, № 19 ЖОМ Достанов Дильшат, № 21 ЖОМ Окасова Айгерім, № 35 ЖОМ Алькеев Даир иеленді. І және II орынға ие болған оқушылар, 12 қарашада облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.