С.Торайғыроватындағы Павлодармемлекеттік университеті «Ертіс дарыны» қосымша білім беру өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп 2019 жылы 22 қазанда 9-11сынып оқушылары арасында көптілділік бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиада мақсаты – көптілділік оқушыларды айқындау, үш және одан да көп тілдерді оқыту бастамасын қолдау, үш тілділік/көптілділік білімді насихаттау.
Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 турдан тұрды:
1 тур - жазбаша. Тапсырылған тақырып аясында үш тілде эссе.
2 тур - ауызша. «Тапсырылған тақырыпқа көпшілік алдында сөйлеу».
№37ЖОМ және №16, 20 мектеп – лицейінің 3 оқушысы Павлодар қаласының абыройын қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ орынға №16 мектеп –лицейінің 11 сынып оқушысы Мельник София ие болды. София – ғылыми жоба республикалық байқауының екі мәрте жеңімпазы, жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінің абсолюттік жеңімпазы, көптілділік олимпиаданың II дәрежелі дипломының екі мәрте иегері.