Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мағжан оқулары» қалалық байқауы туралы.
23-10-2019 14:40
«Мағжан оқулары» қалалық  байқауы туралы.

       2019 жылы 4 қарашада  сағат  12.00-де № 21 ЖОМ (Камзин к, 346) «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен» қаланың жалпы білім беру мектептері  5 – 11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» байқауы өткізіледі.

     Оқу мақсаты – Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Н.Назарбаевтың жолдауы, «Тіл туралы» ҚР заңын жүзеге асыру аясында ұлттық  идеяны, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға көмектесу, жас ұрпаққа Мағжан Жұмабаевтың мұрасын көрсету.

 «Мағжан оқулары» байқауы 3 бағыт бойынша өткізіледі:

«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан өлеңдерінің байқауы.

«Толқынмен толқын сырласып...» - М.Жұмабаев шығармашылығы бойынша  зерттеу жұмыстарын қорғау.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас таланттар байқауы. Оқушылар ақынға арналған өздерінің өлеңдерін ұсыну керек. Қосымша тапсырылған тақырыпқа өлең  жазады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. Бірінші орын иегерлері байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.