Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мағжан Жұмабаев поэзиясының білгірлері
05-11-2019 12:23
Мағжан Жұмабаев поэзиясының білгірлері

     2019 жылдың 4 қарашасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Мағжан оқулары» байқауын өткізді. Мақсаты - дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау, ақынның оқушылар арасында шығармашылығын насихаттау. Қаланың 27 жалпы білім беретін мектебінің 5-11 сыныптарының 48 оқушысы қатысты.

      Мағжан оқулары» 3 бағыт бойынша өткізіледі. «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - жас оқырмандар байқауы (шығармаларын білу). «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы (өз шығармаларын орындау). «Толқынмен толқын сырласып» - шығармашылық жұмыс.

      Байқау нәтижесі бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында - І орын № 25 мектептің 10 сынып оқушысы Сәрсембаева Жасмин алды. Мағжан Жұмабаевтың 20 шығармасын біледі және көркем оқу дағдыларын көрсете алады. ІІ орынды № 19, 30, 37, Жетекши ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынға № 21, 29, 40, 31, Б.Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары ие болды.
          «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында – І орын № 21 мектептің 6 сынып оқушысы Жұматай Томирис. Ол «Ақынға арнау» өлеңін және еркін тақырыпқа өз туындысын жазды. ІІ орын - № 2, 19 ЖОМ оқушылары. ІІІ орынға  № 7, 25, 37 ЖОМ,  № 20 лицей-мектебінің оқушылары иеленді.

         «Толқынмен толқын сырласып» бағытында - І орын № 37 ЖОМ  9 сынып оқушысы Сурумбетова Камила.Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» ғылыми-зерттеу жұмысында ол жұмыстың идеясын, мазмұнын аша білді. ІІ орынға № 19, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орын - № 25, 7, 1 ЖОМ,  № 20 лицей-мектебінің оқушылары.

      Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. І дәрежелі диплом иелері қараша айында өтетін облыстық байқауға қатысады.