Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылы 31 қазанда № 37 жалпы білім беру мектебінде жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жоба республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты – зияткерлік мүмкіншілігін қалыптастыруға көмектесу, дарынды және таланты балаларды қолдау және дамыту. Байқауға Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінен 8-11 сыныптың 239 оқушысы қатысты, олар 16 секция бойынша (физика, Жер, Космос және техника туралы ғылым, математика және қолданбалы математика, экономика және информатика, химия, биология, адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау, тарих, адам және қоғам,өлкетану, этномәдени, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті және қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен) 216 зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Қоршаған ортаны қорғау (29), тіл білімі (қазақ тілі) - 17, өлкетану (20), тарих (16), қазақ әдебиеті (17) секцияларынан ең көп жоба болды.
Байқау қорытындысы бойынша 142 ғылыми жоба ұсынған 151 қатысушы жүлделі орындар алды.
І дәрежелі дипломмен 27, ІI дәрежелі дипломмен - 58, III дәрежелі дипломмен - 66 оқушы марапатталды.
Дарынды оқушылар арасынан орын бөлу шартты, бірақ жақсылардың жақсысынан жеңімпаздарды таңдау керек. Қалалық кезеңнің 85 жеңімпазы мен жүлдегерлері облыстық іріктеу турына қатысады.
Барлық балалар өте жақсы білімдерімен және зерттеу пәндеріне қызығушылығымен қуантты, әділ қазы сұрағына сенімділікпен жауап берді.