Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің жеңімпаздар – жақсылардың жақсысы!
05-11-2019 15:10
Біздің  жеңімпаздар – жақсылардың жақсысы!

 

        Павлодар   қаласының  № 8 дарынды балаларға  арналған мектеп-лицейінің негізінде 2019 жылғы 5 қарашада бағдарламалау және жаратылыстану – математикалық бағыт пәндері бойынша  жасөспірімдер олимпиадасының  облыстық  кезеңі  өткізілді.

   Мақсаты – жаратылыстану – математикалық бағыт пәндеріне қызығушылығын ынталандыру, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын  және  шығармашылық  қабілетін  дамыту, зияткерлік мүмкіншілігін  дамыту үшін  жағдай  жасау, жоғарғы  деңгейдегі  олимпиадаға  дайындық  жүйесін  жетілдіру.

     Ең жақсы бағдарламалау  атағына облыстың  мамандандырылған мектептері, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сынып  оқушылары күресті.

         Павлодар қаласы  командасы атынан № 34 ЖОМ 8 сынып оқушылары Колодин Максим, Малыгин Максим, № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Серкебаев  Абдрахман  қатысты.

          Олимпиада қорытындысы бойынша,  жоғарғы нәтиже көрсеткендер  І, ІІ және  ІІІ дәрежелі  дипломмен марапатталады.

          Жүлделі орындарды № 34 ЖОМ 8 сынып оқушылары Колодин Максим (І орын) және  Малыгин Максим (ІІ орын) жеңіп алды.

        Команданы табысы және жеңісімен құттықтаймыз! Информатика мұғалімі  Поляков Илья Олеговичке алғыс білдіреміз!