Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Биология білгірлері
05-11-2019 17:10
Биология  білгірлері

      2019 жылы  5 қарашада  Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған  № 8 лицей – мектебі негізінде  биология  пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының  облыстық кезеңі өткізілді.

   Мақсаты – биология пәніне қызығушылығын ынталандыру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, зияткерлік мүмкіншілігін дамыту үшін жағдай жасау.

      Биологияның  ең жақсы білгірлері атағына облыстың  мамандандырылған   мектебі мен Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сыныптың 85 оқушысы күресті.   

    Павлодар  қаласының  командасы атынан № 1 ЖОМ 8 сынып оқушысы  - Савицкий Егор, № 16 лицей  – мектебі Марчук Мария, № 24 ЖОМ - Ананьев Илья, Жетекші ЖОМ - Айгүмісова Майра, К. Макпалеев атындағы мектеп  - Полянцева Ангелина қатысты.

     Төрт сағаттық жарыс нәтижесінде ІІІ орынды № 24 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ананьев Илья жеңіп алды.