Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары арасында Жастар жылынаарналған республикалық шығарма-эссе конкурсын өткізу ТӘРТІБІ
07-11-2019 11:02

 

Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары  арасында

Жастар жылынаарналған республикалық

шығарма-эссе конкурсын өткізу

ТӘРТІБІ

1.Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары  арасында Жастар жылына арналған республикалық шығарма-эссе конкурсына оқыту тіліне қарамастан республикалық жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

2.Конкурс  2 кезеңде өткізіледі: 

 1-кезең - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент  қалаларынан, әр облыстан 4 ең үздік жұмысты таңдап алу мақсатында өңірлік кезең өткізіледі.

2-кезең – Конкурстың жеңімпаздарын анықтау мақсатында республикалық кезең өткізіледі.

3. Конкурстың өңірлік кезеңі 2 турда өткізіледі:

1-тур - Мектепішілік конкурс 8-11-сынып оқушыларының арасында өткізіледі. Бұл турдың қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептер ең үздік шығармаларды облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық білім беру басқармаларының жанынан құрылған  ұйымдастыру комитеттеріне (әрі қарай - ұйымдастыру комитеті) жіберіледі (әр сыныптан - 1 жұмыс, әр мектептен барлығы  - 4 шығарма).

2-тур - Аудандық және облыстық,Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент  қалалық конкурстары. Бұл турдың қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеттері әр облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент  қалаларынан ең үздік 4 шығарманы жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының шығарма-эсселерін қарау жөніндегі республикалық комиссияға жібереді.

4.Конкурстың өңірлік кезеңінің турларын өткізу мерзімдері облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент  қалалық білім беру ұйымдарымен анықталады.

5.Қатысушылардың жұмысы Республикалық комиссияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мннистрінің бұйрығымен анықталған мерзімде ұсынылады. Белгіленген мерзімнен кеш келген жағдайда Республикалық комиссия жұмыстарды қарамайды.

6. Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде кең жолды оқушы дәптеріне көк не күлгін пастаман жазылуы тиіс. Дәптердің тысына оқушының аты-жөні, сыныбы, мектеп, қала, ауыл, облыстың атауы  толық көрсетіледі. Оқушы жұмысына жазылған пікірмен бірге ұйымдастыру комитеттерінің шешімдері қоса тапсырылады.

7.Шығармаларды  әр түрлі нысанда жазуға болады:

  1. шағын шығарма;
  2. шығарма-ой толғау;
  3. шығарма-көзқарас, өзінің әдеби шығармаларының үлгісі.

8.Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескерілуі қажет:

  1. таңдаған тақырыбының идеялық-адамгершілік негізін терең пайымдауынан байқалатын оқушының дүниетанымдық дайындығының деңгейі;
  1. бейнелі әрі қисынды пайымдаулары, негіздемелігі, бағамдау мен қорытудәлелдігі;
  1. оқушының көп оқығандығы және жан-жақтылығы;
  2. ауызша және жазбаша сауатты сөйлеу дағдысы мен біліміне ие болуы.

9.Республикалық комиссия бір бірінші, екі екінші және үш үшінші бәйгелі орынды анықтайды.

10.Республикалық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мннистрінің бұйрығымен бекітіледі.