Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5 - 6 сынып оқушыларына арналған ІІІ қалалық кешенді олимпиада
19-11-2019 11:12
5 - 6 сынып оқушыларына арналған ІІІ қалалық кешенді олимпиада

      «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 5 – 6 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық кешенді олимпиада өткізеді

Өткізу уақыты: 2019 жыл 20 қараша, 10.00 с.

Өткізу орны: №7 ЖОМ (Жеңіс Алаңы, 13)

   Олимпиада мақсаты –оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, дарынды балалармен жұмыс сапасын жетілдіру. 

      Олимпиадаға Павлодар қаласының 38 жалпы білім беру мектептерінен 101 оқушы қатысады.

   Кешенді олимпиада математика және ғылыми жаратылыстану бағыт бойынша өткізіледі. Олимпиада тапсырмалары PISA сапасын Халықаралық бағалау стандарты бойынша құрастырылады.

  Әдістемелік әділ қазы комиссия құрамына қаланың жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары, мамандандырылған мектеп мұғалімдері енді.

     Олимпиаданың  жеке біріншілігінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі бағыт  бойынша ұпай жинағымен  анықталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  дипломымен марапатталады.

     Олимпиада қорытындысы «Павлодар дарыны» БУҚБДДО ресми сайтында басылып шығарылады.

5 - 6 сынып оқушыларына арналған қалалық

кешенді  олимпиаданың  бағдарламасы

09.00 - 09.50 с. – қатысушыларды тіркеу

10.00.- 11.00 с. – олимпиаданың I бағыты  (ғылыми - жаратылыстану)

11.00.-11.10с.  – үзіліс

11.10. – 12.10с. – олимпиаданыңIIбағыты(математикалық)

16.00 с. –  салтанатты жабылуы