«Павлодар дарыны» БУҚБДДО жоспарына сәйкес дарынды балалармен жұмыста жаңа білімдік формаларды қолдану бойынша пән-мұғалімдерінің қызметін үйлестіру, мектептік ғылыми – зерттеу жобаларының дайындық сапасын және педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру үшін, білімдерін жетілдіру мақсатында «Қазіргі оқушылардың шығармашылық дамуы мен өзін – өзі жүзеге асыру әдісі ретінде жобалық-зерттеу қызметі» семинары өткізіледі.
Қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, тарих, химия, биология, өлкетану, этномәдениеттану, қоршаған ортаны қорғау, экология, валеология бағыттары бойынша жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының басшылығымен пән секциялары ұйымдастырылады.
Семинар бағдарламасында семинар ұйымдастырушыларының баяндамасы, қатысушылардың ашық тәжірибесімен алмасу,алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік технологиялармен танысу.
Өткізу орны: № 7 мектеп (Жеңіс Алаңы,13).
Өткізу күні: 28 қараша 2019 жыл семинар 14.30 да басталады
Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагог және директор орынбасарларының семинарға қатысуын қамтамасыз етуін сұраймыз.
2019 жылдың 26 қарашасына дейін Excel форматта czdt2008@mail.ru, электрондық мекенжайға «Семинарға қатысу» деп жазып өтінім беріңіздер.
Қатысуға өтінім формасы
№ |
Пән |
Мұғалім ТАӘ |
|
|
|