«Павлодар Дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы және білім беру бөлімі 2019 жылы 27 қарашада сағат 10.00 – де М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде робототехника бойынша қалалық олимпиадаөткізді.
Олимпиада мақсаты – робототехника саласында зияткерлі дарынды, талантты және креативті оқушыларды айқындау.
Олимпиадаға робототехника бойынша үйірмеге қатысатын 33 жалпы білім беретін мектептің 5-8 сыныптың 122 оқушысы қатысты.
Олимпиада екі категориябойынша өтті:«Гонки по линии с препятствиями», «Hackathon».
Олимпиада қорытындысын әділ қазы мүшелері екі категория бойынша жиналған ұпаймен қорытындылады.
Олимпиаданың абсолюттік жеңімпазы № 25 мектеп командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Дипломымен марапатталды.
I дәрежелі дипломға Б. Момышұлы атындағы мектеп командасы, II дәрежелі дипломға - № 26, 19, 35 мектеп командалары, III дәрежелі дипломға К.Макпалеев атындағы, № 1, 5, 11, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектеп командалары ие болды.
Аса ерекшеленген оқушыларды марапаттау үшін екі номинация анықталды. «Техноинтеллект» номинациясымен № 34 ЖОМ және «Юные робототехники» номинациясымен № 13 ЖОМ марапатталды