Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Робототехника бойынша қалалық олимпиада туралы
27-11-2019 17:06
Робототехника бойынша  қалалық  олимпиада туралы

        «Павлодар Дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығы және білім беру бөлімі 2019 жылы 27 қарашада сағат 10.00 – де М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде  робототехника бойынша  қалалық  олимпиадаөткізді.

    Олимпиада мақсаты – робототехника саласында зияткерлі дарынды, талантты және креативті оқушыларды айқындау.

        Олимпиадаға робототехника бойынша үйірмеге қатысатын 33 жалпы білім беретін мектептің 5-8 сыныптың 122 оқушысы қатысты.

       Олимпиада екі категориябойынша өтті:«Гонки по линии с препятствиями»,  «Hackathon».

          Олимпиада қорытындысын әділ  қазы мүшелері екі категория бойынша жиналған ұпаймен қорытындылады.

           Олимпиаданың  абсолюттік жеңімпазы № 25 мектеп командасы.

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Дипломымен марапатталды.

     I дәрежелі дипломға Б. Момышұлы атындағы мектеп командасы, II дәрежелі дипломға  - № 26, 19, 35 мектеп командалары, III дәрежелі дипломға  К.Макпалеев атындағы, № 1, 5, 11, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектеп  командалары ие болды.

      Аса ерекшеленген оқушыларды марапаттау үшін екі номинация анықталды. «Техноинтеллект» номинациясымен № 34 ЖОМ және «Юные робототехники» номинациясымен  № 13 ЖОМ марапатталды