Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
М.Жаманбалинов оқулары айлығы
21-01-2020 14:58
М.Жаманбалинов оқулары айлығы

2020 жылғы  21 қаңтарда №37 жалпы орта білім беру мектебінде  ақын, балалар жазушысы, журналист, КСРО журналистер және жазушылар одақтарының мүшесі М.К Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Жаманбалинов оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің кезекті мектепішілік байқауы  өтті. 

           Байқауға 1-4  бастауыш сыныптар оқушылары қатысты. Бұл байқау жас ұрпақты отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге баулып, балалардың ойлау, ақпаратты қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

         Байқау ережесі бойынша үш кезеңде мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ақын өлеңдерін жатқа айтып, ертегілері  негізінде шағын сахналық үзінділер қойып, ақын туралы деректер бойынша сұрақтарға жауап берді.

           Байқау қорытындысы бойынша оқытушысы  С. С. Адамбаева  4 «Д»  сынып оқушысы  Қайратбек Мәулетбек    жеңіске жетті. Шараға жалпы 148 мектеп оқушысы қатысты. Балалардың бос уақытын қамту қалалық «Павлодар дарыны» орталығынан әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.И. Куренбаева мен әдіскер З.А Мамбетова қатысты.