Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
М. Жаманбалинов оқулары айлығы
22-01-2020 15:17
М. Жаманбалинов оқулары айлығы

Бүгін ақын, балалар жазушысы, журналист, КСРО журналистер және жазушылар одақтарының мүшесі, мәдениет қайраткері Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған бастауыш сыныптар оқушыларының арасында «Жаманбалинов оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің мектепішілік  іріктеу байқауы №28 және №19 жалпы орта білім беру мектептерінде жалғасын тапты.  

       Балдырған  ұрпақты отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге баулу мақсатындағы шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты. 

      Оқушылар «Сәби жүректі ақын» тақырыбы бойынша ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Байқау қорыындысы бойынша №28 мектебінің 1 «А» сынып оқушысы Сапар Бақытберген, №19 мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Амангелді Мерей жеңіске жетіп, қалалық байқауға жолдама алды. «Павлодар дарыны» БУҚБДДО орынбасары З.Н. Исабаева,  әдіскерлер А.Ж. Шакенова, З.А. Мамбетова, К.М. Каримова қатысты. Шараға жалпы елуден аса оқушы қатысты.