Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы бойынша
05-02-2020 16:41
Қалалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы бойынша

2020 жылы 5 ақпанда Павлодар  қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы» «Мәшһүр Жүсіп» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Байқау мақсаты – өскелең ұрпақты халық шығармашылығы негізінде, ұлы ақынның рухани мұрасы арқылы тәрбиелеу, өңіріміздің мәдениет, әдебиет майталмандарының шығармашылығын зерттеу.

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қонағы ретінде Мәшһүр атамыздың ұрпағы, шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты  Ертай Қуандықұлы Жүсіпов шақырылды.

Байқауға қаланың 21 жалпы білім беру мектебінен 54 үміткер қатысты.    Қалалық байқауда 28 оқушы жүлделі орын алды.

 «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»  бағытында  І дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 8 сынып оқушысы Магамет Жібекжан, ІІ дәрежелі дипломмен Қ.Бекқожин атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Орымбай Шынболат, № 21 ЖОМ 9 сынып оқушысы Аубашева Мөлдір, ІІІ дәрежелі дипломмен № 17 ЖОМ  8 сынып оқушысы Марат Аяла, №20 ЛМ 11 сынып оқушысы Абышева Камила, №30 ЖОМ 8 сынып оқушысы Солтан Сайданур   марапатталды. Құрмет граматосын  екі оқушы № 7 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бекмырза Наздана , № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Балғабаева Бахытгүл иеленді.   

 «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»    бағытында  І дәрежелі дипломмен  № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тәттімбет Аянат,   ІІ дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ 9 сынып оқушысы Найманбаева Нұргүл, ІІІ дәрежелі дипломмен  № 20 ЛМ  8 сынып оқушысы Айтмұхан Ділшат, Жетекші ЖОМ  11 сынып оқушысы Серікқызы Аида марапатталды.  

 «Білімді зерек адам болам!» десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»  бағытындаІ  дәрежелі диплом иегері   № 30 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Кеңес Ажар, ІІ дәрежелі диплом иегерлері   № 35 ЖОМ 11 сынып оқушысы Хамитова Айзада, №17  ЖОМ 8 сынып оқушысы  Хасанова Айгерім,  ІІІ дәрежелі диплом иегерлері № 19  ЖОМ 9 сынып оқушысы  Қасымбекова Мадина,  № 39  ЖОМ 9 сынып оқушысы Смаилова Анель,  № 33 ЖОМ 10 сынып оқушысы   Құнашева Ділнұр және Құрмет грамотасымен   Жетекші ЖОМ  8 сынып оқушысы  Жақыпбек Зере, № 7 ЖОМ  11  сынып оқушысы Тәуке Мадина, Қ.Бекқожин атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Сүлеймен Айгерім   марапатталды.

 «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бағытында  ІI  дәрежелі дипломмен  № 37 ЖОМ  9 сынып оқушысы Сурумбетова Камиля,  IІІ дәрежелі дипломмен № 18 ЖОМ 11 сынып оқушысы Исен Данияр, №19 ЖОМ 9 сынып оқушысы Заитова Малика, №33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Бозаева Дильназ марапатталды.

          Қала  байқауының бағыттары бойынша жеңімпаздары 20 ақпанда өтетін  облыстық кезеңде қала абыройын қорғайды.