Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Математика бойынша қаланың 5-6 сыныптың 200 оқушысы өз білімдерін тексерді
11-02-2020 16:10
Математика бойынша қаланың 5-6 сыныптың  200 оқушысы өз білімдерін тексерді

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 8 ақпан күні №14 ЖОМ негізінде I қалалық математикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға  40 қала мектептерінен 5-6 сыныптың  200 оқушысы  қатысты.  Іс-шараның мақсаты - математика пәні бойынша олимпиада резервін құру, оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру.

Олимпиада  өтілген оқу бағдарламасының есебімен жазбаша он тапсырмадан тұрды, дайындаушылар жоғарғы оқу орындарының оқытушылары.

Олимпиада тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанды. 5-6 сыныптың 63 оқушысы қала олимпиадасының құрамына енеді. Олимпиаданың  абсолюттік жеңімпазы - Тілеубекұлы Мұстафа № 38 негізгі жалпы білім беретін мектептің  5 сынып оқушысы.

І орынға 9 оқушы ие болды: № 9 гимназия - мектебінің 5 сынып оқушысы Бровко Роман, 6 сынып оқушысы Супникова Карина, № 25 ЖОМ 5 сынып оқушысы Беркуталимова Малика, 6 сынып оқушысы Аубакир Арман, № 26 мектептің 5 сынып оқушысы Бондаренко Клим, № 29 мектептің 6 сынып оқушылары Сотник Кирилл, Овчинников Илья, № 39 мектептің 5 сынып оқушысы Соколов Вячеслав,№ 42 мектептің 5 сынып оқушысы Мангиликов Ансар.

ІІ орынға  26 оқушы ие болды  (№ 5, 9 (4), 11, 16, 17 (4), 21 (2), 29 (2), 36 (3), 37, 39 (4), 41, Б. Момышұлы атындағы мектеп (2) 

ІІІ  орынға 27 оқушы ие болды   (№ 2, 4 (2), 5, 9, 14, 16 (2), 18, 21, 25, 26, 28, 30, 34 (3), 36, 37, 39 (3), 43 (2), Кенжекөл (2), Б.Момышұлы атындағы  орта мектептер)

Оқушылардың жұмыс кезінде, олимпиада ұстаздары үшін И.В. Панфилов атындағы Әскери Даңқ  мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.