Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала командалары дебаттық дисскусияларға қатысты
21-02-2020 16:25
Қала командалары дебаттық дисскусияларға қатысты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ақиқат» пікірсайыс клубымен бірлесіп 9-10 сынып оқушыларына арналған I пікірсайыс турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты - дарынды балаларды айқындау және мектеп ортасында мектеп ортасында пікірталас әдістемелерін насихаттау.

Қалалық мектептердің 40 оқушысы бар 20 команда алғаш рет 21 ақпан күні М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде I пікірсайыс турниріне қатысты. Турнир Британдық парламенттік форматта өтті. Ойын Парлемант палатасында пікірталасқа ұқсайды. Екі команда-Үкімет пен Оппозиция - Парламент палатасы ұсынған тақырып аясында жасалған заң  жобасын қарастырды. Бұл формат бойынша Əлем біріншілігі жəне Қазақстандағы турнирлердің басым көпшілігі өткізіледі.

Турнир «Британдық парламент Қазақстанның экономикалық әлеуетін көтеру үшін орта және шағын бизнестерге қарағанда технократтарға акцент қою керек деп есептейді», «Британдық парламент мемлекет тарапынан жекеменшік мектептерге қолдау көрсету дұрыс емес деп есептейді», «Британдық парламент қалалардың көшелерін қазақтандыру дұрыс деп санайды» тақырыптарынан тұрды.

Пікірталас қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен Б.Момышұлы атындағы ЖОМ «Талап» командасы (құрамында 10 сынып оқушысы Садық Аиша, 9 сынып оқушысы Киякова Арайлым), № 20 лицей-мектебінің «Фемида» командасы (құрамында 9 сынып оқушысы Сембаева Аружан және 10 сынып оқушысы Уразалимова Сана) марапатталды. ІІ дәрежелі диплом иегерлері - № 2 ЖОМ "Жігер" командасы  (құрамында 9 сынып оқушысы Сүйлеймен Ақниет және 10 сынып оқушысы Кинаятова Диляра).

Жеңімпаз атағы мен ауыспалы кубок  № 19 ЖОМ «Зияткер» командасына  (құрамында 9 сынып оқушысы Айдарғали Райымбек және 10 сынып оқушысы Досаева Аделя) берілді.