Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бас жүлде біздің қаламызда
24-02-2020 16:09
Бас жүлде біздің қаламызда

        «Мәшһүр Жүсіп оқуларының» облыстық байқауы 2020 жылғы 24 ақпанда дарынды балаларға арналған Алтынсарин атындағы гимназия - интернатында өтті. Шығармашылық байқауына облысымыздың жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар ақындық шабытпен ғұлама өлеңдерін оқып, эссе жазды, ғылыми жоба қорғады. М.Жүсіптің өлмес туындысы қазақ халқының сезімдерін, даналығы мен мәдениетін дамытатын өнер шыңына айналды.Қатысушылар адамдардың жан-дүниесін қозғайтын мәңгілік тақырыптағы - өмірдің мәні, уақыт пен адамгершілік, тарих және тағдыр туралы өлеңдерін оқыды.

          Бас жүлдені № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сурумбетова Камила иеленсе, ІІІ дәрежелі дипломмен № 30 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кеңес Ажар марапатталды. Біз жүлдегерлерімізді жеңісімен құттықтап, Сурумбетова Камилаға республикалық байқауда жеңіске жетуіне табыс тілейміз!