Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Робототехника бойынша ең жақсы команда үшін қаланың 120 оқушысы жарысты
28-02-2020 15:42
Робототехника  бойынша ең жақсы команда үшін қаланың 120 оқушысы жарысты

2020 жылы 28 ақпанда№25 ЖОМ мектебінде оқушылардың робот бағдарламалау  дағдыларын жетілдіру мақсатында «Мой робот» робототехника бойынша ІІІ қалалық олимпиадаөткізілді.

Олимпиада  қаланың 28 жалпы білім беру  мектебінен  122 оқушы  құрамында  61  команда жинады.

Олимпиада 5-10 сынып оқушылары арасында  «Кегельринг квадро»,  «Биатлон», «Робофутбол», «Лабиринт», «Сложная линия» 5 бағыт бойынша өтті. «Кегельринг квадро», «Биатлон» 2 бағытында 25 жалпы білім беру мектептерінен  5 – 8 сыныптың орта жас топ  қатусышылары.

Қатысушылар екі минутта сызылған рингтен, шеңберден әрі қарай тапсырылған түсті кеглиді шығарып тастау керек. Көп ұпай жинаған № 29 ЖОМ команда жеңімпаз атанды,  II орынға № 25ЖОМ командасы, III орынға - №  14,40 КЖОМ командасы ие болды.

 «Биатлон»  категориясында жарысқан роботтар, аз уақытта тапсырылған жол бойынша және бақылау аймағында барлық нысаналарды соғып, кедергі бағандарға тимей, басталған жерінен мәреге  дейін өздігінен жету керек.

Көп ұпай жинаған №  24ЖОМ команда жеңімпаз атанды,  II орынға № 35ЖОМ командасы, III орынға - Б. Момышұлы атындағы ЖОМ командасы ие болды.

 11  жалпы  білім беру мектептерінің   5 – 10 сынып  орта және жоғарғы  жас  тобының қатысушылары «Сложная линия»  категориясында жарысты. Робот міндеті аз уақытта көп ұпай жинап, нүкте сызық, инверсиялық,қиылыс ерекше элементтері бар, қара сызық бойынша,басынан мәреге дейін өздігінен өту керек. Көп ұпай жинаған №  24 ЖОМ команда жеңімпаз атанды,  II орынға № ЖОМ № 25 командасы, III орынға -№ 9 ЖОМГ, №  28 ЖОМ командасы ие болды.

«Робофутбол», «Лабиринт» 2 бағытында 25 жалпы білім беру мектептерінің 9 – 10 сынып  жоғарғы  жас  тобының қатысушылары  жарысты.

«Робофутболда» командалар қарсыластарының  қақпасына  доп соғып, өз қақпасын қорғады. Зияткерлік робот-спортсмендер  арасындағы жарыста  доп және кәсіби полигон пайдаланылды, онда робот жарысы өтті.  Кіші-турнир  процессінде қатысушылар  бағдарламалау,механика,құрастыруда өз дағды мен білімдерін көрсетті, қарсыластарымен өзара қызмет жасалған.

Турнир қорытындысы бойынша I  орынға №  26 ЖОМ, II орынға - № 39 ЖОМ, III орынға - №  13 ЖОМ  ие болды.

 «Лабиринт» категориясында жарысқан роботтар аз уақытта барлық кедергілерден озып шықты, жарыс көшбасшысы атанды. Жарыс қорытындысы бойынша  I  орынға №9 ЖОГМ, II орынға - № 28,III орынға - №  № 34, 35 ие болды.

 Командалық сынақта  абсолюттік жеңімпаз атанған  команда  №24 ЖОМ құрамында  Аралбай Еламан, Ильгыбаев Амир, Мансуров Алихан, Сидоров Никита, 5-6 сынып оқушылары, 2019 жылы «КазРоботикс»  Республикалық олимпиада жеңімпазы болған.

№ 2, 21, 37, КЖОМ мектеп командалары Құрмет грамотамен марапатталды.