2-5 наурыз күндері Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 - жылдық мерейтойы аясында облыстық дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатында VІІ аймақтық жас математиктер турнирі өтті.
Турнирге 7-8 сынып оқушыларынан 16 команда құрамында 96 оқушы қатысты. Нұр-сұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан командалар қатысты. Павлодар облысының намысын мамандандырылған мектептерден 5 команда, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен бір команда, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебінен 2 команда қорғады.
Өңірлер арасында Павлодар қаласының командасы алғашқы рет қатысты. Павлодар қаласының "Сигма" командасының құрамына математика пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кірді. Бұл Троян Леонид №9 ЖОББГМ оқушысы, Семенов Александр №16 ЛМ оқушысы, Смагин Алесандр №17 ЖОМ оқушысы, Абишев Нариман №34 ЖОМ оқушысы, Борецкий Никита және Тілеубекұлы Мұстафа № 38 ЖНМ оқушылары.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қала командасы екінші лигаға еніп, Талдықорған қаласының, Нұр-Сұлтан және Павлодар облысының НЗМ командалары арасында сайысқа түсті.
Турнирдің үш ойынының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы ІІI жүлделі орынға ие болды. «Ең жас қатысушы» атты номинацияға № 38 ЖНМ 5 сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа иеленді