Облыстық жасөспірімдер олимпиадасы 2019 жылдың 5 - 19 қараша аралығында өтті. Олимпиада мақсаты - олимпиадаға оқушылардың жоғары деңгейдегі дайындық жүйесін жетілдіру, жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.
Олимпиада қатысушылары - Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 7 - 8 сынып оқушылары.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өтті: математика, физика, биология, химия, география, информатика. Оқушылар үш лигада жарысты: «Жоғарғы лига» (облыстың мамандандырылған мектептері), «Орта лига» (Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары), «Кіші лига» (облыстың 10 ауданы).
«Жоғарғы лига» жеңімпазы дарынды балаларға арналған №8 лицей -мектебінің командасы (21жүлдегер), «Орта лига» Павлодар қаласының командасы (11жүлдегер). Оның ішінде математика пәні бойынша – 3 мектептен (№ 16, 34, 38) 4 жүлдегер, биология пәні бойынша – 1 жүлдегер (№ 24 ЖОМ), информатика пәні бойынша – 2 жүлдегер (№ 34 ЖОМ), география пәні бойынша – 2 мектептен 2 жүлдегер (№ 29 және 24 ЖОМ), химия пәні бойынша - 2 жүлдегер (№ 38 НЖББМ және № 43 ЖОМ).
Жасөспірімдер олимпиадасында барлығы алты пән бойынша Павлодар қаласының 28 оқушысы қатысты, оның ішінде 11-і жеңімпаз және жүлдегер атанып, Қ.И. Сәтпаев атындағы Халықаралық олимпиадаға қатысады.
7 - 8 сынып оқушылары арасында Қ.И. Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадасының ережесіне сәйкес, облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары олимпиадаға қатысу үшін квотадан тыс жіберіледі. Дәстүрге сай мамыр айында «Жасдаурен» (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) оқу –сауықтыру кешені негізінде Ресей Федерациясының Омск, Новосибирск қалаларынан және Қазақстанның барлық аймақтарынан, сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектебінен мықты жасөспірімдер қатысады.