«Махамбет оқулары»
![«Махамбет оқулары»](/media/img/blogs/5ea282ffd6110.jpg)
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылғы 25 сәуір мен 4 мамыр аралығындақазақ батыры, ақын Махамбет Өтемісұлы шығармаларын кеңінен насихаттауға арналған «Махамбет оқулары» байқауын өткізеді.
Байқау мақсаты - ақынның шығармалары негізінде болашақ ұрпақты адамгершілілікке тәрбиелеу, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, орындау мәнерін, сахналық мәдениетін жақсарту.
Байқау Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің 5 - 11 сынып оқушылары арасында өтеді.
Байқау ережесін «Павлодар дарыны» ББУҚШО сайтынан көре аласыздар.