Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
11 сынып оқушылары үшін "Сардар" қашықтықтан кешенді олимпиадасы
27-04-2020 13:35
11 сынып оқушылары үшін

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылдың 12 мамыр күні жалпы орта білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларына (ұлдар) арналған «Сардар» қашықтық кешенді олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.

Олимпиада мақсаты - әскери қызметке қызығушылық көрсеткен дарынды балаларды қолдау, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі. Теориялық кезең – пән бойынша тестілеу: математика, физика, тіл білімі, Қазақстан  тарихы, алғашқы әскери дайындық. Практикалық  кезең – дене шынықтыру бойынша  нормативтерді орындау.

Олимпиадаға өтініштер 27 сәуірден 4 мамырға дейін metoddaryn@mail.ru  эл.поштасына қабылданады.

Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!