Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
30-04-2020 08:30
Қазақстан – біздің ортақ  үйіміз

Павлодар қаласы білім беру бөлімі мен «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы  2020 жылғы  28 сәуірде Қазақстан халықтарының Бірлігі Күніне арналған  «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!» атты қалалық қашықтық  сөзжұмбақтар   байқауын  өткізді.

Сайыстың мақсаты - оқушылардың танымдық, шығармашылық әлеуетін көтеру. Байқауға  қаланың 14 жалпы білім беру мектептерінен 59  оқушы  қатысты  (№ 1, 5, 6, 7, 18, 19, 27, 28, 34, 39, 41, 43  ЖОМ, № 20 лицей-мектебі, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы ЖОМ).

Байқау шарты бойынша  жұмыстар  тақырыпқа  сәйкес, сұрақтары дұрыс құрастырылған, мазмұны қызықты, рәсімдеуге ерекше элементтер пайдалану керек. Барлық қатысушылар достық, Отан туралы қызықты, шығармашылық сұрақтар ұсынды. Сөзжұмбақтар қазақ және орыс  тілінде құрастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 12 мектептен 21 оқушы жүлделі орындарға  ие болды.

I орынға М.Әуезов атындағы ЖОМ 5, 7 сынып оқушылары Сыдыкова Айымжан, Акимов Демид, №18 ЖОМ 6 сынып оқушысы Барбашин Богдан, № 27 ЖОМ 8 сынып оқушысы Смельтенко София  ие болды. Айымжан  Қазақстан аумағында тұратын, әр түрлі ұлттың,әр түрлі елдің ұлттық ерекшеліктерін, Қазақстанның жеке шығармашылығы туралы 21 сұрақтан сөзжұмбақ құрастырған. Демид Қазақстанда тұратын, әр ұлттының мәдениеті менөмірі туралы 25 сұрақтар тұратын ең қызықты және көрнекті  түрде рәсімделген сөзжұмбақ құрастырған. Богданның сөзжұмбағы ұлттық стильде рәсімделген және еліміздің рәміздері, дәстүрі, мерекесі, ұлттық теңгесі, астанасы туралы 46 сұрақтан құрастырылған.

II орынға 5 сынып  оқушылары Жунусова Салман (№7 ЖОМ), Мухтарова Тоғжан (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ),  6 сынып  оқушылары Горбунова Дарья, Васильева Арина (ЖОМ №34,) Петраш Полина 7 сынып оқушысы (№ 43 ЖОМ), Рак Дарья 8 сынып оқушысы ( № 20 лицей- мектебі) ие болды.

III орынға  5 сынып  оқушылары Атекенов Адылхан  (№ 7 ЖОМ), Орал Жанай (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ), Учеваткина Афина  (№ 39 ЖОМ), 6 сынып   оқушылары Коваленко Данила  (№6 ЖОМ), Мухтарова Нурия, Назарова Сымбат (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ), Тлектес Дария  (М.Әуезов атындағы ЖОМ ), 7 сынып оқушылары Ткач Егор  (№ 28 ЖОМ), Кремер Игорь (№ 41ЖОМ), 8 сынып оқушылары Сейтказы Әлия  (№ 20 лицей-мектебі,), Носова Алина  (№ 34 ЖОМ ) өзара бөлісті.