Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің есімде! Мен мақтанамын»…
04-05-2020 07:51
«Менің есімде! Мен мақтанамын»…

2020 жылғы  15 - 29сәуір аралығында  Павлодар  қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы мен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің  75 - жылдығы қарсаңында «Менің есімде! Мен мақтанамын...» атты қашықтық-бейнебайқау  сайысын өткізді. 

Сайыстың мақсаты жоғары патриоттық сана, ұлттық мақтаныш пен абырой сезімін қалыптастыру. Талантты оқушыларды қолдау, олардың ерекше шығармашылықтарын  және  шеберлігін  анықтау.

Сайысқа Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің  8 - 11 сынып оқушылары қатысты. Жалпы білім беру 14 мектебінен 52 оқушы өзінің шығармашылықтарымен  бөлісті. 

Сайыстың шарты бойынша оқушыларға ұйымдастырушылар ұсынылған тақырыптардың ішінен өзіне ұнаған бейнеролик ұсыну: «Қазіргі сәндік- қолданбалы шығармашылық», «Ардагерлерге сыйлық», «Шексіз шығармашылық», «Батырлар жанымызда»,  «Батыр көшесі», «Батырға ескерткіш».

Сайыстың нәтижесі бойынша  11 оқушы  жүлделі орындарға иеленді, оның ішінде  I  дәрежелі дипломмен  Б. Момышұлы мектебінің 10 сынып оқушысы Айгужа Адель және №20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Ворушин Ярослав марапатталды. II дәрежелі дипломмен №34 мектептің 11 сынып оқушылары Хисматуллин Салават, Воробьева Вероника-Николь, Эрметова Алина, №13 мектептің 9 сынып оқушысы Фатьянов Павел,  Б. Момышұлы мектебінің 10 сынып оқушысы Нұржанова Сайя, №14 мектептің 8 сынып оқушысы Белюсенко Ирина марапатталды.  III дәрежелі дипломмен №14 мектептің 8 сынып оқушысы Аубакиров Алмас, № 28 мектептің 10 сынып оқушысы Марченко Татьяна,

 9 сынып оқушысы Кириченко Софья, №20 лицей-мектебінің  10 сынып оқушысы Байжанқызы Дамира, Б. Момышұлы мектебінің  9 сынып оқушысы Байдильдина Махаббат марапатталды.

«Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды»  номинациясына №20 лицей-мектебінің  8 сынып оқушысы Фучижи Никита , №34 мектебінің 9 сынып оқушысы Османова Адель, Б. Момышұлы мектебінің  9 сынып оқушысы Биғазы Алуа, №27 мектебінің 9 сынып оқушысы Падалявич Никита иеленді. «Мазмұнды және ерекше идея» номинациясымен №34 мектебінің 10 сынып оқушысы Зоричев Никита, Б. Момышұлы мектебінің 10 сынып оқушысы Киякова Арайлым марапатталды. «Сезімді бейнеролик» номинациясымен№27 мектебінің  9 сынып оқушысы  Беспалова Анастасия марапатталды.

Аталған шаралар оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік  сезімін тәрбиелеуге, оның өткен тарихын білу және түсінігін қалыптастыруға, әрбір баланың ерекшелігін, жеке тұлға ретінде дамытуға көмектеседі.

Қатысушыларды марапаттау төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығында өтеді.