Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сол Ұлы жылдардағы атақ өшпейді....
04-05-2020 08:28
Сол Ұлы жылдардағы атақ өшпейді....

2020 жылғы  30  сәуірінде  Павлодар  қаласы білім беру бөлімі мен «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  75 - жылдығына арналған қашықтық конкурсты бірлесе ұйымдастырып, вокал, миниатюра және репортаж шеберлігі бойынша бейнеролик «Ұлы Жеңіс» сайысын өткізді. 

Мақсаты – оқушылардың  мәдени құндылығын,көркемдік талғамын тәрбиелеу және қалыптастыру, вокалдық өнерге деген қызығушылықтарын көтеру және оқушылар арасында таланттыларды айқындау. Қашықтық сайысқа қаланың 12 жалпы білім беру мектептерінің ( № 2, 9, 19, 21, 25, 27, 28 36, 39, Жетекші ЖОМ,  Б. Момышұлы,  М. Әуезов атындағы мектеп) 1 - 4 сыныптың 69 оқушысы үш номинацияға «Вокалдық өнер», «Миниатюрлік шеберлік», «Репортаждық шеберлік» қатысты.

Сайыстың нәтижесі 36 талантты оқушылар жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын 11, II орын - 9, III орын 16 оқушы. «Вокалдық өнер» номинациясында I орынға №36 ЖОМ 1 сынып оқушысы Шишкина Карина, №39 ЖОМ 2 сынып оқушысы Рудницкий Климентий, 4 сынып оқушысы Серимоав Диляра (№42 ЖОМ), Турусбекова Азалия (№ 19 ЖОМ) ие болды. «Миниатюрлік шеберлік» номинациясында I орынға №39 ЖОМ 1 сынып оқушысы Қарасай Жауһар, №28 ЖОМ 2 сынып оқушысы Ким София, №28 ЖОМ 3 сынып оқушысы Захаренко Каролина ие болды. «Репортаждық шеберлік» номинациясында I орынға №39 ЖОМ 1 сынып оқушысы Костюничев Ярослав, №39 ЖОМ 1 сынып оқушысы Бақпай Дінмұхаммед, № 22 ЖОМ 3 сынып оқушысы Кенин Әділжан, №42 ЖОМ 4 сынып оқушысы  Аипова Пана ие болды.

Серимова Диляра соғыс ардагері Бахариден Серимов атасы туралы жұмыс ұсынды. Ол бейнероликке атасының соғыста алған марапаттарын және фотосуретін жіберді, ол туралы өлең айтты. Костюничев Ярославсоғыс жылдарындағы тылдағы еңбекші Бебанина Галина Алексеевнаәжесінің  сұхбат әңгімесін ұсынды. Сол кездерді есіне түсіріп Галина Алексеевна  қалай  ауыл тұрғындары басқыншылықта болды, оларды совет әскерлері босатқаннан кейін,ересек адамдармен бірге жұмыс істегендері жөнінде айтты. Бакпай Дінмұхаммед өз репортажында оның атасы Бакпайұлы Бесембай Берлин соғысына қатысып, қалай соғысқаны жөнінде айтты. Аяғынан алған ауыр жарақатқа қарамастан соғыстан кейінгі оның еңбегі туралы әңгімеледі.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломымен марапатталады.