Ғалым, философ Әл – Фарабидің 1150 жылдығына 2020 жылдың 21 - 22 мамыр аралығында 8 - 10 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалардың облыстық қашықтық конкурсы өткізілді.
Барлығы 5 секциябойынша 38 жоба қатысты: математика, физика, биология, химия, география. Биология секциясына 19 жоба қатысты, география, математика, химия бойынша 5 жоба, физика – 4 жоба.
Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар қаласы үш секция бойынша жүлделі орынға ие болды: химия, география, биология, оның ішінде І дәрежелі дипломмен 1 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 4 оқушы марапатталды.
«Химия» секциясы - ІІ дәрежелі диплом – № 36 ЖОМ 9 сынып оқушысы, Данилова Алина, ІІІ дәрежелі диплом – № 17 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бабаева Маргарита
«География» секциясы - ІІІ дәрежелі дипломмен № 40 ЖОМ 9 сынып оқушысы Глущенко Даниил марапатталды.
«Биология» секциясы - І дәрежелі дипломмен – № 40 ЖОМ 9 сынып оқушысы, Каткова Алевтина, ІІ дәрежелі дипломмен – № 21 ЖОМ 9 сынып оқушыларыШишкина Милава, Мостовых Светлана, – № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Ахметова Шолпан, № 40 ЖОМ 10 сынып оқушысы, Демидюк Артем, ІІІ дәрежелі дипломмен – № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Ғұмар Ернұр, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Горбунов Кирилл марапатталды .