Олимпиадаға дайындық бойынша 1 - 6 сынып оқушыларына арналған, 2020 жылы 1 маусымда алғаш рет «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Математика» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша «Olympic Summer School» ақысыз онлайн – жоба (жазғы мектеп) өтті.
Осы жоба - жаңа білім тәжірибесін алатын жақсы мүмкіндік, мектеп демалыс кезінде алған білімді үздіксіз тереңдету және кеңейту, сонымен қатар келесі оқу жылына олимпиадаға тиімді дайындалу болып табылады. Жазғы мектеп қатысушыларына республиканың ең жақсы олимпиадалық жаттықтырушыларынан математика және жаратылыстану бойынша бар білімін тереңдетіп және жаңа білім алуға бірегей мүмкіншілік берілді.
Оқушыларды оқыту үш кезеңде өтеді. Бірінші кезең іріктеу, жазғы мектептің осы кезеңіне республиканың барлық аймағынан 9828 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Есте қаларлығы,ең кішкентай байқауға қатысушылар ұқыпты болып шықты, көп ұпай жинаған 1-2 сыныптың 5739 жас таланты іс-шараға қатысты. Бірінші кезең нәтижесі бойынша көп ұпай жинаған 1675 оқушы «Olympic Summer School» қабылданды. Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары 1-4 маусымда онлайн-конкурсқа және darin.kz сайтының олимпиадаларына қатысты. Осы конкурста көп ұпай жинаған қатысушылар, «Математика» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша «Olympic Summer School»қатысуға таңдап алынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 97 оқушысы (№ 1, 2, 4, 6, 7, 17, 19, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 34, 36, 37, 39, 41, 43, Кенжекөл ЖОМ, Б. Момышұлы, М. Әуезов) жазғы мектепке қатысуға жіберілді. 5-6 сыныптың ең жақсы 30 қатысушысына жаңа оқу жылына күш жинап,денсаулығын нығайтып, жазғы бейіндік аусымға қатысу күндері кәсіби мастер-класстарға қатысу мүмкіншілігі бар.