Жоба ұйымдастырушысы Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» МҚКК .
«В дружбе - сила» қалалық қашықтық жазғы жобаның негізгі мақсаты мен міндеттері– жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру; оқушылардың шығармашылық, танымдық зияткерлік ынтасын белсендіру және дамыту; оқушылардың шығармашылық, эстетикалық талғамын кеңейту және қолдау, олардың өзін-өзі шығармашылықта жүзеге асыру қажеттілігін қанағаттандыру .
Конкурс 24 және 25 маусымда өтті, қаланың жалпы білім беру мектептерінің 1-6 сыныптың 64 оқушысы қатысты.
Жұмыс бағалау кезінде бейнеролик мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі, бейнеролик құруға шығармашылықпен карау,мазмұны, композициялық құрылымы және сюжет бірегейлігіне көңіл бөлінді.
Жетекші мектебі, № 27, 29, 34, 39, 43 ЖОМ оқушыларының музыкалық сүйемелдеуі, сюжет мазмұны және бірегейлігі белгіленді. № 17, 31, 36, 37 ЖОМ конкурс қатысушылары ерекше композициялық құрылымымен ерекшеленді.
Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынға № 39ЖОМ және Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді; 2 орынға ЖЖОМ (2 о.), № 27, 29 мектептер(3 о.), 34 (3о.), 39, 43 (2 о.); 3 орынды № 17 (4 о.), 31 (3 о.), 36, 37 (3 о.), 39 (2 о.) мектептері жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады.