Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, философ, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылғы 11 тамызда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Ұлы ақын шығармаларының "Абай - руханият сардары" онлайн – челленджін өткізді.
Мақсаты-оқушыларды қазақтың ұлы ақынының әдеби мұрасына баулу және дәріптеу, патриоттық сезімді қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға қолдау көрсету.
Челленджге қаланың 7 жалпы білім беретін мектептерінен 1-4 сыныптарынан 37 оқушысы қатысты (№9 ЖОМГ, № ЖОМ 7, 17, Б.Момышұлы атындағы, № ЖОМ 27, 35, 43).
Челлендж - бұл интернет-роликтердің жанры, онда қатысушылар бейнекамераға тапсырма орындады және бұл тапсырманы туыстарына қайталауды ұсынды. Іс-шара барысында қатысушылар ақынның ең үздік өлеңдерін, қара сөздерін оқып, әндерін орындады. Роликтердің мазмұны берілген тақырыпқа сәйкес келді.
Байқау қорытындысы бойынша 37 дарынды оқушы челлендж бойынша өз шеберліктерін көрсетті, 18 қатысушы жүлдегер атанды, оның ішінде: I орын - 1 оқушы, II орын – 7, III орын – 10 оқушы.
I орынға № 35 ЖОМ 4 сынып оқушысы Солтан Мейрлан ие болды;
II орынды Амангельдинова Бағлан, Алияскар Инжу, Шорманова Ақпейіл, Исамбаева Рамина, Нурханова Аружан, № 35 ЖОМ 4 сынып оқушылары, Шекау Алихан, Б. Момышұлы атындағы мектептің 4 сынып оқушылары, № 7 ЖОМ 2 сынып оқушылары Әлібек Нұрсұлтан иеленді;
III орынға Қайырбекова Ажар, Ержан Елдана, Құрманбаева Лейла Б.Момышұлы атындағы мектептің 3 сынып оқушылары, Долголевец Марьям № 43 ЖОМ 1 сынып оқушысы, Кожеханов Диас, № 27 ЖОМ 4 сынып оқушысы, № 35 ЖОМ 4 сынып оқушылары Әсет Аделя, Кәрімжан Данияр, Сыздыкова Айша, Амангелді Рунар, Мухамедьярова Гаухар ие болды.
Қорытындылай келе, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер»
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары беріледі.