ББУҚДДО "Павлодар дарыны" жариялайды.
Бекітілген квотаға сәйкес олимпиада, байқаулар жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің "Алтын сын" (8-11 сыныптар) және "Жас ғалым" (5-7 сыныптар) оқушыларының құрамы анықталды.Биылғы оқу жылында "Павлодар дарыны" жұмыс жоспарына сәйкес олимпиадалық резерв мектебі бекітілген кесте бойынша үш ауысымда өткізіледі.
І ауысым (күзгі каникул кезеңі 5.11-11.11ұзақтылығы 6 күн)
II ауысым (қысқы демалыс кезеңі 28.12-04.01ұзақтылығы 6 күн)
III ауысым (көктемгі демалыс кезеңі 20.03 – 25.03ұзақтылығы 6 күн)
Covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты І ауысым онлайн режимінде, ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі.
Бекітілген сабақ кестесі сайтта орналастырылатын болады.