Облыстық сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің жүлдегерлері
"Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз" атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің облыстық турына М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстың қалалары мен аудандарынан 43 білім беру мекемесінен 199 оқушы қатысты, қатысушылар 6 номинация бойынша 227 сәндік-қолданбалы жұмыстар ұсынды.
Павлодар қаласы бойынша "Тастанды материалдан жасалған бұйымдар" номинациясы бойынша "Менің арманымдағы қала" жұмысы үшін II орынды №34 ЖОМ 8-сынып оқушысы Иванова Анна, III орынды «Үш аю» жұмысы үшін №2 ЖОМ 6-сынып оқушысы Байдильдинова Ділназ иеленді. Анна өз жұмысында туған қаласын өзгерту туралы арманымен бөлісті. Ділназ өз жұмысын жұқалтыр және гипстен орындады.