Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс шаралар "Ұстаз бен шәкірт"
06-10-2022 17:40
Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс шаралар

"Ұстаз бен шәкірт"

 БЖК "Жігер"  КМҚК  "Ұстаз бен шәкірт" Мұғалімдер күніне арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты педагог кадрлардың кәсіби өсуін ынталандыру, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін қосымша білім беру педагогтары мен тәрбиеленушілерді анықтау және көтермелеу, педагогикалық іс-әрекеттің уәждемесін дамыту болып табылады.

Іс-шараны "Балшуақ" балалар-жасөспірімдер клубының жүргізушілері Сабитова Бибігүл Төлегенқызы және Сыздықова Әсем Қабдулақызы ашты.

Мерекелік безендірілген залда қосымша білім беру педагогтары тәрбиеленушілерімен бірге дуэтте лирикалық, халық әндерін орындады. Қосымша білім беру педагогы Минин Олег Константинович өз тәрбиеленушілерімен каратэ бойынша көрме жаттығуларын орындады.

Жерғасинова Жанар Есенқызы көркем көріністе Абай Құнанбаевтың "Оныншы қара сөз" атты қара сөздерін импровизациялады. Бұл өскелең ұрпақтың көз алдында мұғалімнің ең асыл мамандық екенін және біздің елімізде олар әрқашан ерекше құрметке ие болғанын тағы да көрсетеді.