11 ақпан күні Павлодар қаласындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "MUSIK FEST" халықаралық көпжанрлы конкурсы өтті. Аспаптық жанр номинациясы бойынша "Домбыра дастаны" үйірмесінің тәрбиеленушісі Бижанов Дамиль Гран-при кубогының иегері болды. Дамиль "Домбыра дастаны" үйірмесіне қатысып жүргеніне 1 жыл болды.
Аспаптық жанр номинациясы бойынша бірінші жүлделі орынды Нұрмұқан Амир иеленді. Амир домбыра үйірмесіне 2 жыл қатысып жүр, сондай-ақ "Рақым" БЖК –да каратэ секциясына қатысады .
"Домбыра дастаны" үйірмесі тәрбиеленушілерінен құрылған трио Темиралинова Назира, Тұяқпай Сания және Мухамеджанова Жансая «Аспаптық жанр» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Олар "Нарағашы" халық күйін орындады. Бұл қыздарымыз "Рақым" БЖК-на 6 жастан келеді. Клубтағы домбыра, вокал және би үйірмелеріне қатысады. «Домбыра дастаны" және вокалмен 5 жыл айналысады.
"Домбыра дастаны" үйірме жетекшісі Алькенова Гульдарай Абудалаповна өзінің тәрбиеленушілеріне республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндік жасайды, осылайша біздің тәрбиеленушілер үнемі жүлделі орындарға ие болады. Біз барлық тәрбиеленушілер мен педагогты осы жеңісімен құттықтаймыз, музыка сахнасында көп жеңістер тілейміз.