Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
"ACADEMY BOXING QZQ" спорт клубында жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті.
26-05-2023 11:26

2023 ж 12 -14 мамыр аралығында Астана қаласында, "ACADEMY BOXING QZQ" спорт клубында жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті. Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 400 астам спортшылар қатысты.

Павлодар қаласының намысын "Жігер" клубының 8 боксшысы қорғады, нәтижесінде 8  жүлделі орындарға ие болды - 3 алтын, 4 күміс, 1 қоланы қанжығаға байлады.

   Біздің чемпиондарымыз: Баймұрат Сұлтан(№27 мектептің 4 сынып оқушысы), Оразбай Азамат (№40 мектептің 4 сынып оқушысы), Серикбосынов Ернар(№37 мектептің 8 сынып оқушысы).

  Екінші орынды иегерлері: Жамбербаев Алмаз ((№19 мектептің 6 сынып оқушысы), Ибраимов Али(№41 мектептің 7 сынып оқушысы), Мағзумов Аңсар(№2 мектептің 8 сынып оқушысы), Темір Мүсірәлі(№24 мектептің 8 сынып оқушысы).

  Қола жүлде иегері Қабыш Нұрсұлтан (№5  мектептің 4 сынып оқушысы).

  Тренер Жаменкенов Ертай Хайруллиновичтің айтуы бойынша жігіттеріміз өте жақсы өнер көрсетті. Әсіресе Оразбай Азамат пен Баймұрат Сұлтанды ерекше атап айтуға болады. Азаматтың бокспен айналыса бастағанына  бар болғаны жылдан асты, соның өзінде керемет нәтиже көрсетті.

Сұлтан өзінің ерекше тактикасының арқасында өз салмағы бойынша қарсыластарынан басым түсті.