Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Р.Г. Вахитов атындағы ПМУ бокс залында Павлодар өңірінің бокс ардагерлерін еске алу және балаларды қорғау күніне арналған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті.
05-06-2023 15:49
Р.Г. Вахитов атындағы ПМУ бокс залында Павлодар өңірінің бокс ардагерлерін еске алу және балаларды қорғау күніне арналған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті.

2023 жылғы 31 мамырдан 2 маусымға дейін Р.Г. Вахитов атындағы ПМУ бокс залында Павлодар өңірінің бокс ардагерлерін еске алу және балаларды қорғау күніне арналған 2008-2009 ж.және 2011-2012ж. туылған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті. Турнирге Павлодар облысының түкпір-түкпірінен 128 спортшы қатысты. "Жігер" БЖК намысын "Алаш" бокс секциясының алты тәрбиеленушісі қорғады.

 Алтын медальдарды  Баймұрат Сұлтан және Темір Мүсірәлі жеңіп алды;

 Серікбосынов Ернар мен Мақсат Арман күміс медальдарын иеленді;

 Қабыш Нұрсұлтан мен Жақыпов Дамир қола медальдарға ие болды.

Бапкердің айтуынша, алғашқы күннен бастап турнирдің айқын фавориттеріне енген  Темір Мүсірәлі мен Баймұрат Сұлтан жекпе-жегінде ерекше көзге түсті.

Жаттықтырушы Ертай  Хайруллинұлы  Жәменкенов.