Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир
31-07-2023 11:29
Жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир

 2023 жылдың 27-30 шілдесінде Астана қаласында "Қарабатыр" спорт клубында жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті. Турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен 240 спортшы қатысты. Павлодар қаласының  намысын "Жігер" БЖК  "Сауран" және "Азат" бөлімшелерінің боксшылары қорғады.

Алтын медальді Оразбай Азамат, Омар Дінмұхаммед, Ибраимов Али, күміс медальді Карле Герман, қола медальдарды Қабыш Нұрсұлтан мен Ерболат Дархан жеңіп алды.

Жаттықтырушының айтуынша, боксшылар қойылған  тапсырманы "өте жақсы" орындады. Барлық жекпе-жектерді мерзімінен бұрын айқын басымдықпен жеңіп алған Оразбай Азаматты ерекше атап өткен жөн, ол  финалдық жекпе-жекте 3:0 есебімен қарсыласына жеңіске жету мүмкіндігін бермей жеңіске жетті. Жаттықтырушы қосымша білім беру педагогі, жатықтырушы Жәменкенов Ертай Хайруллинұлы.  Жарайсыңдар балалар!