2023 жылғы 6 желтоқсанда "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында "Балалық шақты бірге қорғайық" панельдік сессиясы өтті
Кездесуге қамқоршылар кеңесінің мүшелері мен ата-аналар қауымы қатысты. Спикерлер ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері – Павлодар облысы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары полиция подполковнигі А. Б. Искакова, полиция майоры А. А. Рахимова және полиция майоры Б. Е. Турсаринова сөз сөйледі. Полиция қызметкерлері әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда әрекет ету алгоритмдері, Павлодар облысы бойынша статистика және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін алдын алу шаралары туралы айтып берді. Дағдарыс орталығының қызметкері М. К. Молдакелдинова орталықтың жұмысымен таныстырып, зардап шеккен әйелдерге көрсетілетін көмек туралы айтып берді.
Іс-шара қонақтары Вера мен Тұрсын тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген, бірақ өмірдегі қиын кезеңнен сынбаған өмірлік тарихтарымен бөлісті.
Іс-шараның демеушілері "Жебе" ҚБ азық-түлік себеттерін дайындап берсе, "Антураж" сұлулық салоны және "AXSIS" массаж студиясы сернтификаттар сыйлады.
Соңында барлық қатысушылар пікірлер, тілектер жазып, "Тілектер ағашына" орналастырды.